#Желмая. Жүкті әйелдер арасында өлім-жітімнің көбеюі коронавируспен байланысты ма?

16 Қараша 2020, 12:51
3147
Бөлісу:
#Желмая. Жүкті әйелдер арасында өлім-жітімнің көбеюі коронавируспен байланысты ма?
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Желмая» жобасының бүгінгі қонағы – Медицина ғылымдарының кандидаты, Денсаулық сақтау ісінің үздігі Жұпар Наханова.

Жыл басынан бері қанша жүкті әйел қайтыс болған? Жүкті әйелдер арасында өлім-жітімнің көбеюі коронавируспен байланысты ма? Соңғы он жылдағы аналар өлімінің статистикасы қандай? Ана мен бала өлімінің алдын алу бойынша қандай істер атқарылып жатыр? ПТР тестінде коронавирус анықталған жүкті әйелдерді босандыру қалай жүргізіледі? Вирус анықталғанда ол іштегі балаға қалай әсер етеді? Осы және өзге де сауалдарға медицина қызметкері Жұпар Наханова жауап берді.


«Желмая» жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай? 

«Желмая» – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.

Жобаның бұған дейінгі қонағы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің бөлім бастығы Азамат Садықов болған.

Өзгелердің жаңалығы