Бас жаңалықтар
Жоғары сотқа екі судья сайланды
03 Желтоқсан 2020, 10:28 682

Жоғары сотқа екі судья сайланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сотының екі судьясын сайлау мәселесі қаралды.

Мемлекет басшысы сіздердің қарауларыңызға Сәкен Абдолла мен Мәдениет Омарбекованы Жоғарғы соттың судьялары қызметтеріне сайлауды, ал Гахарман Дүйсенбаевты орнынан түсуіне байланысты Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босату туралы ұсынымды енгізді,- деді ҚР Жоғары сот кеңесінің төрағасы Талғат Донақов.

Талқылау барысында палата депутаттары осы ұсынымдарға қолдау білдірді.

Абдолла Сәкен 1964 жылы туған. Заң ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 1986 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратура органдарында бастады. Оңтүстік Қазақстан облысы және Алматы қаласы әділет басқармасының басшысы болған. Маңғыстау мен Ақтөбе облысы және Нұр-Сұлтан қаласы соттарының төрағасы  қызметтерін атқарған.

Мәдениет Омарбекова 1965 жылы туған. Заң ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 1988 жылы Қарағанды қаласы Совет аудандық сотының сот отырысының хатшысы болып бастады. 2000 жылдан бастап Қарағанды облыстық сотының судьясы болды.

2015 жылғы мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін Нұр-Сұлтан қаласы сотының судьясы қызметін атқарды.


Фото: дереккөз
Загрузка...
// (function (d, w, c) {(w[c] = w[c] || []).push(function () {try {w.yaCounter34776245 = new Ya.Metrika({id: 34776245,clickmap: true,trackLinks: true,accurateTrackBounce: true,webvisor: true,trackHash: true});} catch (e) {}});var n = d.getElementsByTagName("script")[0],s = d.createElement("script"),f = function () {n.parentNode.insertBefore(s, n);};s.type = "text/javascript";s.async = true;s.src = "https://mc.yandex.ru/metrika/watch.js";if (w.opera == "[object Opera]") {d.addEventListener("DOMContentLoaded", f, false);}else {f();}})(document, window, "yandex_metrika_callbacks");//