Бас жаңалықтар
Жілік майының донорлығы денсаулық үшін қауіпті емес – дәрігер
Сұхбат
14 Маусым 2021, 11:38 388

Жілік майының донорлығы денсаулық үшін қауіпті емес – дәрігер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде жылына үш жүзге жуық адам жілік майы трансплантациясын қажет етеді. Қазақстанда мұндай операцияны жүзеге асыратын қажетті мекеме де бар, маман да жеткілікті. Басты кедергі  донор тапшы. Қазір арнайы реестрде жеті мың адам донор ретінде тіркелгенімен, олардың сынамасы үнемі сәйкес келе бермейді. Сондықтан да реестрде донордың көп болуы маңызды. Нұр-Сұлтан қаласының Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының Гемопоэтикалық бағаналы жасушалар реестрі бөлімінің меңгерушісі Ажар Шакенова трансплантацияны қажет ететін науқастар үшін донор болудың жолдары туралы айтып берді.

Қазақстандағы жілік майы донорларының банкі туралы айтып кетсеңіз...

Халық арасында жілік майы деп атап кеткенімізбен, медицинада ол сүйек кемігі деген атаумен тіркелген. Сондықтан медицина тілімен айтар болсақ, Қазақстанда Сүйек кемігі донорларының ұлттық реестрі жасақталған. Реестр – бұл транспланттауды қажет ететін пациенттерге ерікті түрде және өтеусіз көмек көрсетуге дайын әлеуетті гемопоэтикалық бағаналы жасушалар донорлары туралы мәліметтер бар ақпараттық платформа.

Қазақстанда ол Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында орналасқан. Реестрде Қазақстанның барлық аймақтарынан донорлар тіркелген. Қазіргі таңда еліміздің Сүйек кемігі донорларының ұлттық реестрінде 6700-ден астам әлеуетті донор бар. Сонымен қатар жыл сайын донорларды іздеуге бағытталған ондаған сұралым тіркеледі. Бір айта кетерлігі, төрт сәтті донация –төрт құтқарылған өмір!

Әлеуетті донорлардың барынша көп болғаны маңызды екенін түсінгені жөн. Донор мен пациенттің үйлесімділігі 1:10 000, науқаста сирек кездесетін HLA-фенотипі болған жағдайда 1:1 000 000 құрайды, сондықтан реестред донорлардың саны артқан сайын сәйкес донорды табу мүмкіндігі жоғары болады. Алада кейде донор өмір бойы реестрде тіркеліп тұрғанымен ешкімге сәйкес келмеуі де мүмкін.

Қазақстанда сүйек кемігі донорлығы үшін ақы төлене ме?

Гемопоэтикалық бағаналы жасушалар донорлығы ерікті және өтеусіз негізде жүзеге асырылады. Бір адамның өмірін құтқарамын деп ниеттенген кез келген адам донор бола алады. Тек қана жас мөлшері бойынша шектеулер бар, яғни донор ретінде жасы 18-45 аралыңындағы жандар алынады.

Донорда кейін сүйек кемігінің тапшылығы проблемасы туындауы мүмкін бе?

Гемопоэздік дің жасушаларын алу кезінде оны тапсырғаны сезілмейді, сонымен қатар жасушалардың толық көлемі 10-14 күннің ішінде қалпына келеді. Үш айдан кейін қайта донор болу мүмкіндігі бар, демек дің жасушаларының регенерациясы өте жоғары. Әрине көптеген адамдар мұны өз денсаулығына зяин келеді деп есептейді. Алайда донор болар алдында пациент тексеруден өтетінін және өзінің денсаулығына қауіп төнетіндей жағдай туындап тұрса, ешкім оны донор болуға мәжбүрлемейді.

Менің донор болғым келеді. Ол үшін не істеуім керек?

Қарсы көрсетілімдері болмаған жағдайда 18 жасқа толған кез келген дені сау адам жілік майының доноры бола алады. Бұл үшін қалаңыздағы Қан орталығына барып, сауалнама толтырып, HLA-фенотипіңізді анықтау үшін 9 мл қан тапсыру керек, бұл арқылы донор мен реципиенттің үйлесімділігін анықтауға болады. Арнайы дайындық қажет емес. Бұдан кейін күту керек, сүйек кемігінің доноры болу мүмкіндігі бірнеше айдан кейін немесе жылдан кейін ғана бола алады.

Донор тіркелімге кіргеннен кейін бұны есте сақтағаны өте маңызды, тіркелім маманын телефон нөмірін немесе мекенжайын өзгерткені туралы хабардар ету керек. Сіздің жасушаларыңыз арқылы басқа біреуге өмір сыйлауға болатынын ұмытпағаныңыз жөн.

Дәрігерлер пациентке тиісті донорды қалай таңдайды?

Мектеп анатомиясы курсынан біз жер бетіндегі әр адам ерекше екенін білеміз, өйткені ол ата-анасынан ерекше генотипті алды. Адамның бірегей код жүйелері бар. Арнайы компьютерлік бағдарлама арқылы бір-біріне сәйкес келетін адамдарды іздейтін математикалық қатынастар жүйесі табылады. Бұл дегеніміз, туған бауырлар мен әпкелер бір-біріне донор бола алады, бірақ өкінішке орай мұндай жағдай әрқашан бола бермейді.

Қиын жағдайға тап болып қалған пациенттер туыс емес донорды іздеуге мәжбүр болады. Ол үшін реестр бар. Донорды іздеу сұранымын алғаннан кейін жүйе сәйкес келетін кандидаттардың бар-жоғы туралы хабарлайды. Емдеу жүргізетін медициналық мекеме донор болуға ниет білдірген нақты адамның деректері бар реестрмен байланысқа шығады. Реестр қызметкерлері қажетті донорды өздері тауып, өзектендіруді жүргізеді. Бұдан кейін адам транспланттау үшін жарамды болып танылады да, келісімін береді.

Донорлық процедурасы қалай өтеді?

Жілік майынан тін жасушаларын алудың екі жолы бар:

Біріншісі, қан арқылы (қарапайым қан донациясы сияқты) – сүйек кемігі гемопоэздік дің жасушаларын қанға ауыстыру үшін медициналық препаратпен ынталандыру жүргізіледі, қаннан ол автоматты қан сепараторы арқылы жинақталады. Бұл әдіс 99% жағдайда пайдаланылады.

Екіншісі, наркоз арқылы жамбас сүйектен тікелей алынады, бұл қазіргі таңда сирек пайдаланылады.

Донор дің жасушаларын алу жолын өзі таңдауға құқылы. Гемопоэздік дің жасушаларын жинақтаудың алдында донор толық тексеруден өтеді, денсаулығына қандай да бір қауіп төнген жағдайда оны процедурадан шеттетеді. Бір ғана ыңғайсыздық – ГДЖ процедурасы шамамен 3-4 сағатқа созылады.

Елімізде қазіргі күні осы трансплантацияға қанша адам мұқтаж?

Сүйек кемігінің дің жасушаларын транспланттауды қажет ететін пациенттер саны жылына шамамен 300 адамды құрайды. Барлық жағдайда, донорды алдымен ең жақын туыстардың арасынан іздейді, туыстар арасында үйлесімді донор табылмаған жағдайда, олар туыстық емес транспланттауға жүгінеді, бұл жылына шамамен 15-20 адам, олардың тең жартысы балалар мен жасөспірімдер. Транспланттауды қажет ететін аурулар халықтың әртүрлі санатында кездеседі және ол адамның жасы мен әлеуметтік мәртебесіне де байланысты емес.

Қазақстанда алғаш рет отандық донордан пациентке ГДЖ трансплантау 2018 жылы жасалды. Келесі жылы қазақстандық донорлардан қазақстандық пациенттерге қан өңдіретін дің жасушаларын екі туыс емес транспланттау жасалды, ал төртінші транспланттау 2021 жылғы сәуірде Ресейдегі бала үшін жүргізілді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...