Бас жаңалықтар
Жиенқұлова көшесі уақытша жартылай жабылады
01 Тамыз 2020, 20:30 182

Жиенқұлова көшесі уақытша жартылай жабылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда тұрғындары мен қонақтары маршрутын алдын ала жоспарлауы керек, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты. 

Жол желісін орташа жөндеу аясында Жиенқұлова көшесінде Алаш тас жолынан Сембинов көшесіне дейінгі учаскеде жол-құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған. 

Осыған орай, 2-15 тамыз аралығында жол қозғалысын жартылай жабу жоспарланған. Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын ала жоспарлауы керек.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...