Жетісайлық диқандар қырыққабат егуді бастады
11 Қаңтар, 21:12 343

Жетісайлық диқандар қырыққабат егуді бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Түркістан облысы, Жетісай ауданы бойынша 78500 гектар аумаққа егіс егіледі жоспарланып отыр. Соның ішінде 1 мың гектар жерге ерте пісетін қырыққабат егілетін болады деген болжам бар, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жетісай ауданында орналасқан Атамекен, Ералиев ауылдық округтерінің диқандары жылы ауа-райын сәтті пайдаланып 5 гектар жерге қырыққабат көшеттерін отырғызып үлгерген.

Күн-түн демей қараша айынан бастап жылыжайға ерте пісетін «Пандион» жане «Зарисма» көшеттерін өндіруді бастағанбыз. Дайын болған көшеттерді 5 гектар аумаққа отырғыздық. Былтыр осы жерден 300 тонна өнім алып үлгердік, алынған өнімді көршілес елдерге жібереміз. Былтырғы жылы өнім өзін-өзі ақтады, - дейді шаруа Сапар Үсенов. 

Өткен жылы Жетісай ауданында 1097 гектарға қырыққабат егіліп, 38 мың тонна өнім жиналып, экспортталған.
 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...