Бас жаңалықтар
Жетісайда биыл 190 шақырым жол жаңарады
26 Қазан 2020, 09:16 133

Жетісайда биыл 190 шақырым жол жаңарады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Жетісай ауданында жалпы ұзындығы 186,8 шақырымды құрайтын жол мен елді мекен көшелері жөндеуден өтуде.  

Атап айтқанда, республикалық маңызы бар – 31 шақырымдық 2 жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ал облыстық маңызы бар –101,8 шақырымды құрайтын 9 жолға күрделі әрі орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Оның ішінде 70,4 шақырым жол кедір-бұдырлы беттік өңдеу әдісімен жөнделу үстінде. 

Сондай-ақ, аудандық маңызы бар - 53,1 шақырымдық 74 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүруде. 

Сонымен қатар, 63 шақырымды құрайтын 165 топырақ көшеге тас төсеу жұмыстары жүріп келеді.  

Аталған жұмыстардың қорытындысымен Жетісай ауданындағы республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесі - 92%-ға жететін болады.


Фото: дереккөз
Загрузка...