COVID-19: 246 бала ем қабылдап жатыр

26 Қазан 2020, 09:00
1545
Бөлісу:
COVID-19: 246 бала ем қабылдап жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сoronavirus2020.kz сайты 2020 жылғы 26 қазанда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жаиялады. 

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 26 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 71 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 36921, 394 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 28531 жетті.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 042 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 246 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 283 науқас жатыр. 759 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 119 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 18 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

COVID-19: 246 бала ем қабылдап жатыр

Өзгелердің жаңалығы