Жеті қазақстандық боксшы Бүкіләлемдік әскерилер ойынында сынға түседі

24 Қазан 2019, 06:35
1680
Бөлісу:
Жеті қазақстандық боксшы Бүкіләлемдік әскерилер ойынында сынға түседі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдың Ухань қаласында VII Бүкіләлемдік жазғы әскерилер ойыны өтіп жатыр.  Жарысқа әлемнің 109 мемлекетінен 9300 спортшы қатысуда, деп хабарлайды Olympic.kz.   

Қазақстан сапынан мына боксшылар сынға түседі: Теміртас Жүсіпов (49 келі), Ануар Мұзапаров (52 келі), Ділмұрат Мижитов (64 келі), Асланбек Шымбергенов (69 келі), Тимур Нұрсейітов (75 келі), Аят Мәржікпаев (81 келі) және Абзал Құттыбеков (91 келі). 

Ал қыздар арасынан 69 келідегі Баян Акабева жартылай финалға өтті. 

Боксшылар турнирі 26 қазан күні мәресіне жетеді. 



Өзгелердің жаңалығы