Жерде магниттік дауыл басталды
04 Қараша 2021, 19:20 531

Жерде магниттік дауыл басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жер бетінде кейінгі жылдардағы ең күшті магниттік дауыл басталды. Бұл туралы Ресей Ғылым академиясының физика институты Күннің рентген астрономиясы зертханасы мәлім етті, деп хабарлайды РИА Новости.

Жер бетінде Мәскеу уақытымен таңғы сағат 1-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 4:00-де) кейінгі жылдардағы ең күшті магниттік дауылдардың бірі басталды. Кейінгі күндері баяу төмендеген геомагнит белсенділік индексі түн ортасынан кейін бірден 7-деңгейге көтерілді (ең жоғары мән - 9), бұл 5 балдық шкала бойынша үшінші деңгейдегі магниттік дауылға сәйкес келеді, – делінген хабарламада. 
Ғалымдар болжамы бойынша, Жердегі магнит өрісінің тұрақсыздығы кем дегенде 2-3 күн сақталады, дегенмен қазіргі максимумға қайта жетуі екіталай.

Магниттік дауыл Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 15-18 сағаттан кешікпей аяқталуы керек.

Физиктердің айтуынша, Күн жалынының жылдамдығы секундына 400-ден 800 метрге, ал планетааралық плазманың тығыздығы 100 есеге жуық артқан.

Бұған дейін кейінгі төрт жылда бірдей деңгейде төрт дауыл тіркелген: биыл 12 мамырда, 2019 жылы 14 мамырда, 2018 жылы 26 ​​тамызда және 2017 жылы 28 қыркүйекте. Осы уақыт ішінде басқа маңызды құбылыстар байқалған жоқ, – деді зерттеу орталығы өкілдері.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...