Жер алып беремін. Шымкенттік алаяқ түркістандықты 1,5 млн теңгеге алдап кетті

2 Қыркүйек 2021, 13:30
5403
Бөлісу:
Жер алып беремін. Шымкенттік алаяқ түркістандықты 1,5 млн теңгеге алдап кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте алаяқ түркістандықты 1,5 миллион теңгеге алдап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Әл-Фараби АПБ-ның «102» нөміріне Түркістан облысының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында бейтаныс адам жер алып беремін деп айтып, 1,5 миллион теңге ақшасын алаяқтық жолмен алғанын жазып көрсеткен.

Әл-Фараби АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғынын анықтап, жеткізді. Ұсталған адамның басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.


Өзгелердің жаңалығы