Қарағанды облысының әкімі өңірдің қай елді мекендері газбен қамтылатынын айтты

29 Қараша 2021, 16:47
1060
Бөлісу:
Қарағанды облысының әкімі өңірдің қай елді мекендері газбен қамтылатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

Облыс әкімінің айтуынша, ерекше балаларды әлеуметтік қолдауға көп көңіл бөлінеді. Келесі жылы аутистік спектрі бұзылған балаларға арналған оңалту орталығы ашылады.

10 айда 607 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды, оның 73%-ы жекеменшік. Облыста биыл жеті жаңа өндіріс ашылды. Тағы да жеті жоба жыл соңына дейін өнеркәсіптің түрлі салаларында, атап айтқанда, тау-кен металлургия, өңдеу, тамақ және т.б. салаларда іске қосылады, - деді әкім.

Оның сөзінше, өңірде өнеркәсіп өндірісі 3,4 трлн теңгеге жетті. Қара металлургияда бұл көлем 12,4%-ға, жеңіл өнеркәсіпте – 11,9%-ға, фармацевтикада - 5,8 есеге өсті.

Біз өзімізге 2021 жылы инвестицияларды 740,3 млрд теңгеге дейін ұлғайту және 14 жаңа өндіріс орны есебінен 2 мыңға жуық жұмыс орнын құру жоспарын қойған едік. Олардың жетеуі іске қосылды, - деп мәлімдеді Жеңіс Қасымбек.

Оның атап өтуінше, Қарағанды облысы баламалы энергия үлесін арттыруда. Бүгінде өңірде бес күн электр стансасы, екі биогаз қондырғысы мен шағын ГЭС жұмыс істейді. «Жасыл» энергетиканың жалпы қуаты 200 мегаваттан асты.

Сондай-ақ Балқаш маңында қуаты 100 МВт күн электр стансасы салынуда. «Жасыл» энергетика жобалары шетелдік компаниялардың қатысуымен жүзеге асырылуда. Тартылған инвестициялар 100 млрд теңгені құрады.

Қарағанды облысы тұрғын үй құрылысы бойынша тарихи максимумға қол жеткізді. Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде биыл алғаш рет 662 мың шаршы метр іске қосылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 25%-ға көп, - деді ол.

Сонымен қатар облыс басшысының мәлімдеуінше, өңірде газдандыру жалғасуда.

Табиғи газ Қарағанды өңіріндегі 3 мың үйге жеткізілді. Жақында Қарағанды, Теміртау және Жезқазғанның алғашқы абоненттерін газбен жабдықтау басталады. Тариф бір текше метр үшін 40,8 теңге, - деді Жеңіс Қасымбек.

Өзгелердің жаңалығы