Жеңіс Қасымбек монақалаларға айрықша көңіл бөлінетінін айтты

29 Қараша 2021, 17:41
667
Бөлісу:
Жеңіс Қасымбек монақалаларға айрықша көңіл бөлінетінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды облысында моноқалаларды дамыту үшін қандай жоспарлар бар?

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында өңір басшысы Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қарағанды облысында моноқалалардың экономикасын әртараптандыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Жаңа өндірістерді ашу мен шағын және орта бизнес саласындағы кәсіпкерлік қызметке 5%-бен жеңілдікпен несие беру қала құраушы кәсіпорындарға тәуелділіктен арылуға көмектеседі.

Шағын және орта бизнестің 30%-дан астамы моноқалалардың кәсіпкерлері. Мемлекет басшысының моноқалалардағы ШОБ-ты 5% жеңілдікпен қаржыландыру туралы тапсырмасы қала құраушы кәсіпорындардан тәуелсіз кәсіпкерліктің жаңа салаларын ашуға қосымша серпін береді, – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Ол серпінді жобалардың бірі Саран қаласындағы бұрынғы РТИ зауыты орнында индустриялық аймақ құру болғанын атап өтті.

Мұнда Yutong маркалы автобустар шығаратын кәсіпорын ашылды. Қазір ресейлік «Татнефть» компаниясымен бірге автомобиль шиналарын шығаратын зауыттың құрылысы жүріп жатыр, оны 2022 жылдың қараша айында пайдалануға беру жоспарланып отыр, – деді ол.
Жеңіс Қасымбектің сөзінше, индустриялық аймақтың дамуы тұрғын үй құрылысына да серпін берген.
РТИ ауданында қараусыз қалған үйлерді қалпына келтіру және жаңа тұрғын үй салу жұмыстары жүргізілуде. Әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенді жоспарлары оң жағынан дәлелденді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғастырылып, барлық моноқаланы қамтитын болады. Қарағанды облысында олардың сегізі бар, – деді облыс басшысы.

Өзгелердің жаңалығы