Бас жаңалықтар
Жемқорлар туралы хабарлағандар мемлекет қорғауында болады
13 Ақпан 2020, 12:51 126

Жемқорлар туралы хабарлағандар мемлекет қорғауында болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2020 жылдың 15 ақпанынан бастап, Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық фактісі туралы хабарлаған тұлғаларды көтермелеу қағидаларына түзетулер күшіне енеді. 

Осыған орай ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі алаңында жемқорлық фактілері туралы хабарлама жасаған азаматтарға берілетін сыйақының жүйесіне арналған баспасөз конференциясы өтті.

Параның немесе келтірілген залалдың сомасы 1 000 АЕК-тен, яғни 2 651 000 теңгеден аспайтын болса, сыйақы сомасы 30-бен 100 АЕК арасында болады. Бұл 79 530-бен 265 100 теңгенің арасы. Егер параның немесе келтірілген залалдың сомасы 2 651 000 теңгеден (1 000 АЕК) көп болса, онда сыйақы сол соманың 10%-ын құрайды, бірақ 4 000 АЕК-тен, яғни 10 604 000 теңгеден аспауы тиіс, - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің әкімшілік-құқықтық департаментінің бас сарапшысы Ерік Бишібеков.

photo5344002879431748678.jpg

Оның сөзінше, жаңа түзетілер арқылы мүдделі мемлекеттік органдар тарапынан өтінішті беру тетігі жетілдірілді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің көтермелеуге ұсынылған материалдарды қарастырудың ішкі алгоритмі нақтыланды.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу бойынша ақпарат беріп немесе басқа да жәрдем көрсеткені үшін қаржылық ынталандыру мөлшерін ұлғайту жемқорлыққа қарсы күресте халықтың азаматтық ұстанымын жандандыруға бағытталған. Біз енгізіп отырған осындай жаңа жүйе бірқатар дамыған елдерде бар. Мысалы, Германия, АҚШ, Ұлыбритания және Гонконг осындай жүйені табысты қолданып келеді, - деді Агенттік өкілі.

Оның айтуынша, бұл заңды өз пайдасына пайдаланып, елге өтірік жала жапқысы келетіндерге де шара қолданылады. 

Бұл қағидалар барлығына бірдей қолданылады. Жалпы барлық іс-әрекет келесідей болады. Сіз кез келген жемқорлық фактісін байқап қалып, ол туралы хабарлайсыз, кейін ол бойынша қылмыстық іс қозғалады. Егер кінәлілердің қылмысы сот арқылы дәлелденсе, онда сіз өз сыйақыңызды 15-30 күн аралығында ала аласыз. Хабарлаған тұлғалар мемлекет қорғауында болады және олар туралы ақпарат құпия түрде сақталады, - деді Ерік Бишібеков.


Фото: дереккөз
Загрузка...