Бас жаңалықтар
#Желмая. Жамбылдағы жарылыс: Арыстағы апат қайталанды ма?
VIDEO
31 Тамыз 2021, 15:11 3014

#Желмая. Жамбылдағы жарылыс: Арыстағы апат қайталанды ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Желмая» жобасының кезекті қонағы – запастағы полковник, ардагер ұшқыш, әскери сарапшы Ермек Сейітбатталов. 

Бейбіт күнде ойламаған жерден болған Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты полковниктің пікірі қандай? Арыстағы оқиғамен салыстыруға келе ме? Апат болған әскери бөлімшеде қару-жарақ қандай мақсатта сақталған? Байзақтағы оқиға қасақана ұйымдастырылған ба? Күндіз-түні күзетте болса да, қойма неге жарылды? Ауа райының аптап ыстықтығы жарылысқа әсер етті ме? Адамдардың өмірін сақтап қалуға болар ма еді? Еліміздің қорғаныс саласына әскери сарапшының көңілі тола ма? Апаттың себебін анықтау үшін құрылған комиссия қаншалықты білікті? Осы және өзге де сұрақтарға жоба қонағы жауап берді.


«Желмая» жобасында  – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Түрлі салада абыройлы қызметімен елге танылған тұлғалармен елорданы көлікпен аралап жүріп әсерлі әңгіме, тұщымды видеосұхбат оқырман назарына ұсынылады. Жоба қонақтары елімізде болып жатқан белгілі бір оқиғаға, қоғам арасында резонанс тудырған мәселелерге қатысты және басқа да қойылған сұрақтар аясында әңгіме өрбітеді.

 Бұған дейін жобамыздың қонағы Ауғанстан елінде 7 жыл елші болып қызмет атқарған дипломат Өміртай Бітімов ауғандағы жағдай туралы өз пікірімен бөлісіп, әлем назарын аударған шиеленіске өз бағасын берген болатын.


Фото: BAQ.KZ
Видео: BAQ.KZ
Загрузка...