Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Желмая» жобасының бүгінгі қонағы – ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы Марат Қарабаев.
Қазақстанда машина қалай жасалады? Көліктердің бағасы қандай? Қазақстанға автоөндіріс керек пе? Қазақстанда жиналған көліктер сыртта сұранысқа ие ме? Қазақстанда қанша бренд өндіріліп жатыр? Машина жасау тек көлік өндірісінен тұра ма? Елімізде машинаның неше түрі шығарылады? Трансформатор зауыттары қайда және қалай жұмыс істейді? Мемлекет машина жасау саласына қандай қолдау көрсетеді? Қайта өңдеу қалай жұмыс істейді? Осы және өзге де өзекті сұрақтарға Марат Қарабаев жауап берді.
«Желмая» жобасында – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Түрлі салада абыройлы қызметімен елге танылған тұлғалармен елорданы көлікпен аралап жүріп әсерлі әңгіме, тұщымды видеосұхбат оқырман назарына ұсынылады. Жоба қонақтары елімізде болып жатқан белгілі бір оқиғаға, қоғам арасында резонанс тудырған мәселелерге қатысты және басқа да қойылған сұрақтар аясында әңгіме өрбітеді.
Бұған дейін жобамыздың қонағы әйгілі композитор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Төлеген Мұхамеджанов болған еді.