#Желмая. Аффирмацияға қатысты дінімізде не айтылады?

18 Тамыз 2020, 12:30
4021
Бөлісу:
#Желмая. Аффирмацияға қатысты дінімізде не айтылады?
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

"Желмаяның" бүгінгі қонағы – ақын, шығыстанушы, құрантанушы ғалым, ұстаз Айнұр Әбдірәсілқызы.

Рухани коуч болып жүрген ғалым тренинг барысында не туралы айтады? Құранды зерттеуге ол қалай келді және зерттеу кезінде қандай ерекшеліктерге тап болды? Келіннің әулеттің үлкендеріне сәлем салуы ширк болып саналады ма? Иіліп сәлемді тек қазақ келіндері ғана салады ма? Сәлем салуды ширк деп есептейтіндердің пікірін қазақтың асыл дәстүріне жасаған қиянат деуге бола ма? Бейсенбі күні нан пісіріп, иіс шығарса, кейбір адамдар "әруақтар нан жемейді ғой" деген пікір айтуы қаншалықты дұрыс? Қазір трендтегі аффирмацияға қатысты дінімізде, шариғатымызда не айтылады?


"Желмая" жобасы – бір кездерде бас қалаға білім іздеп, білік іздеп, кәсібін шыңдауға, өмірінде жаңа белес бағындыруға келген жандардың, билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай?

"Желмая" – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.

Өзгелердің жаңалығы