Желіде суық су тоқтатылатыны жайлы жалған ақпарат тарады

2 Сәуір 2020, 14:45
1971
Бөлісу:
Желіде суық су тоқтатылатыны жайлы жалған ақпарат тарады

Алматы, BAQ.KZ. Бүгін әлеуметтік желіде дезинфекциялық жұмыстарға байланысты Алматыда 4 күн суық су болмайды деген ақпарат тарады. Осыған қатысты "Алматы су" мекемесі түсінік беріп, ол мәліметтің жалған екенін хабарлады.

Алматы қаласында сумен қамтамасыз ету жұмыстары үздіксіз іске асырылады. WhatsApp  мессенджері арқылы таратылып жатқан 4 күн ауыз су болмайды деген ақпарат шындыққа жанаспайды, - делінген хабарламада. 
Сондай-ақ баспасөз қызметінің мәліметі бойынша көрсетілген мерзімде ауыз судың тоқтатылуы жоспарланбаған. Тұрғындар су құбырлары желісінде жоспарланған жұмыстар туралы ақпаратты almatysu.kz сайтынан көре алады.
Өзгелердің жаңалығы