Жекелеген мекемелердің мүддесіне басымдық беріледі. Тоқаев теріс үрдіс туралы айтты

18 Қараша 2021, 15:32
817
Бөлісу:
Жекелеген мекемелердің мүддесіне басымдық беріледі. Тоқаев теріс үрдіс туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында айтты.

Мемлекет басшысы кеңейтілген отырыста баса назар аударатын мәселелерді тізіп берді.

Бірінші. Сыртқы саясатты «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сай жүргізіп, оның тиімділігін барынша арттыру. Қазір Қазақстанның сыртқа бағытталған жұмысында біртұтас мемлекеттік стратегия жоқ деуге болады. Бұл жүйелі сипаттағы мәселе. Сыртқы істер министрі Үкіметте ерекше мәртебеге ие болып, Премьер-министрдің орынбасары деңгейіне көтерілді. Осыған орай СІМ тығыз мекемеаралық үйлестіру жұмысын тиімді атқаруы керек. Мемлекеттік ақпарат ішіндегі байланыс, өзара байланыста әлсіз, - деді ол.

Тоқаев жекелеген мекемелердің мүддесіне басымдық беріліп жататынын айтты.

Бұл - біраздан бері жалғасып келе жатқан теріс үрдіс. Соның кесірінен елеулі кемшіліктер болып жатады, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы