Жекебаев: Баланың денсаулығына ғана емес, тәрбиесіне де көңіл бөлу керек

12 Қыркүйек 2020, 17:39
1926
Бөлісу:
Жекебаев: Баланың денсаулығына ғана емес, тәрбиесіне де көңіл бөлу керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Otaufest жас отбасылар онлайн фестивалінің талқылау алаңында ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев айтып берді.

Баланың дамуы мен тәрбиесі отбасынан басталады. Бала бойына кішкентайынан сіңген отбасылық құндылықтар оған өмір бойы азық болары анық. Отбасындағы қарым-қатынас қоғамдағы қатынастарға бағытталып, адамның азаматтық келбетін қалыптастырады. Сондықтан ата-аналарға балаларының денсаулығына ғана емес, ең алдымен бала бойындағы мінезді тәрбиелеу мен дамытуға көңіл бөлген жөн. Қазіргі қазақстандық отбасы жаңа экономикалық және қоғамдық ахуалда дамыды, - деді Жекебаев.

Отбасылық проблемалардың шиеленісуіне, әлеуметтік институт ретінде отбасының әлсіреуіне, оның әлеуметтік функцияларының өзгеруіне әкелетін жағдайлар да кездеседі. 

Статистика комитетінің деректеріне сәйкес, бір жылдың ішінде Қазақстан бойынша балалы отбасылардың 38%-ы толық емес отбасылар екені анықталды. Тәжірибе көрсеткендей, толық емес отбасында баланы тәрбиесі толық отбасында тәрбиеленген бала өмірінен айтарлықтай өзгеше. Ол тек материалдық қиындықтар ғана емес. Жалғысбасты аналар немесе жалғызбасты әкелер бір уақытта ананың да, әкенің де функциясын орындай алмайды. Бұл - қазіргі заманғы Отбасы институтының негізгі мәселесі, - деді Дулат Жекебаев фестиваль аясында өткен диалог алаңында.

Диалог алаңына қатысушыларға, әр отбасыларға шаңырағын сақтап, бақытты ете алатын басты ақиқатты айтып берді.

Есте сақтаңыздар! Сіздің үйіңіз - махаббат пен өзара түсіністіктің орталығы, - деді ол.

Республиканың білім беру ұйымдарында 2010 жылдан бастап өзін-өзі тану пәні жүргізіледі. Оның басты мақсаты – жалпыадамзаттық құндылықтар арқылы жеке тұлғаның адамгершілік, рухани білімі. 

Жас отбасыларға ұстаздары айтқан кеңестерін естен шығармауды сұрады.

Мектепте оқыған кезде физика пәнінен дүниедегі ең үлкен жылдамдық – жарық екенін білесіздер. Ал ең баяу жететін жылдамдық – кезінде айтылған ата-ананың немесе мектептегі ұстаздардың айтқан ақылдары. Өкінішке қарай, 40 жастан асқанда ғана кеңес жетіп жатады. Сондықтан жас отбасылар, бүгінгі не кешігі ұстаздар немесе ата-аналар мен үлкендер айтқан ақылдарының біраз уақыт өткеннен кейін болатынын ұмытпаған жөн, - деді Дулат Жекебаев.

Сонымен қатар, ол отбасында алған жақсы тәрбие – бүкіл жарқын болашақтың кепілі екенін айтты.

Айта кетсек, Қазақстанда Otaufest жас отбасылар фестивалі өтіп жатыр. Бұған дейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Асхат Оралов Отбасы күніне орай ұйымдастырылған Otau Fest онлайн фестивалі аясында өткен диалог алаңында ажырасу саны өсіп, отбасын құру деңгейі төмендеп жатқанын мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы