Жазда ауылға кетеміз – қала тұрғындары. Фоторепортаж

5 Маусым 2020, 13:16
3231
Бөлісу:
Жазда ауылға кетеміз – қала тұрғындары. Фоторепортаж
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жаймашуақ жаздың алғашқы күндері. Елордалық тұрғындар жаздың кешкі қоңыр салқын желін пайдаланып, саябақта серуендеп жүр. Себебі күндіз қалада аптап ыстық. Биылғы жаз бұрынғыдан өзгерек дейді тұрғындар.

ао.JPEG

ао18.JPEG

ап5.JPEG

Карантин уақытында адамдар көп нәрсенің қадірін түсінді. Далаға шығып, серуендеудің өзі үлкен қуаныш сыйлайтын болды. Жазға қойған жоспарларымыз бар еді. Алайда, елдегі пандемияға қатысты оларды өзгерттік. Келесі жылға қалдырдық, - деді елорда тұрғыны.

ао1.JPEG

ао17.JPEG

ап7.JPEG

Жазғы демалыста балаларымды ауылдағы ата-әжесіне апарамын. Карантинде ешқайда шыға алмадық. Жол ашылды, енді ауылға қарай беттейміз, - деді үш баланың анасы.
ао2.JPEG

ао15.JPEG

ао20.JPEG

Кейбір тұрғындар жазды асыға күткендерін де жеткізді.

 

Пандемиядан кейін уақытты, әрбір сәтті қадірлейтін болдық. Жаз келсе, балаларымызды ата-әжелеріне жіберетін дәстүріміз бар еді. Сауда орталықтарына қазір ешкім барғысы келмейді. Біз қазір тек саябақтарды ғана аралаумен шектеліп жүрміз, - дейді елордалық Айнұр Ысқақова.
ао4.JPEG

ао13.JPEG

 

Мен үшін елордада жаз баяғыда басталған сияқты. Себебі, көктем жылы болды. Карантинде отырғанымызды тез ұмытып кеттік. Көп дүние өзгерді деп ойламаймын. Елдегі шектеулерге қарап, шетелге шығу да ыңғайсыз. Өз елімізді аралаймыз, - дейді қала тұрғыны Евгений.
ао5.JPEG

 ао6.JPEG

 ао7.JPEG

ао21.JPEG

Жазды қатты күттік. Осы жазға жеткенімізге де шүкір дейміз. Бала-шағамыз бен тұрғындар осылай еркін серуендеп, еліміз тыныш болса деймін, - деді 4 баланың анасы.
ао8.JPEG

 ао9.JPEG

 ао10.JPEG

ао11.JPEG



Өзгелердің жаңалығы