Жауын, қар, көктайғақ, жаяу бұрқасын – ауа райы

24 Қазан 2019, 08:12
2885
Бөлісу:
Жауын, қар, көктайғақ, жаяу бұрқасын – ауа райы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 24 қазанда солтүстік өңірлерде жауын жауып, арты қарға ұласады, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-дан хабарлады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, 24 қазанда Қазақстанның басым бөлігі кең ауқымды антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте атмосфералық ағын бөліктерінің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы күтіледі, кей жерінде жауын жауады (арты көбінесе қарға айналады). Еліміздің кей жерінде жел күшейеді, тұман түседі, солтүстік-батыста, солтүстікте, солтүстікте-шығыста көктайғақ күтіледі, солтүстікте және шығыста жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. 

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20, күндіз кей жерде екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Ақмола облысының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар облысының кей жерінде түнде тұман, көктайғақ күтіледі, түнде жел кей жерде 15-20 м/с күшейеді, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерінде түнде және таңертең тұман күтіледі, Жаланашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының кей жерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жаяу бұрқасын соғуы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысында жел 18 м/с күшейеді.

Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түсуі мүмкін.


Өзгелердің жаңалығы