Бас жаңалықтар
Жастардың білімі бүгінгі нарық талаптарына сай келмейді – Сағынтаев
13 Тамыз 2020, 09:41 223

Жастардың білімі бүгінгі нарық талаптарына сай келмейді – Сағынтаев

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев "Алматы" ТА-ның Aкimat Live бағдарламасында өткен тікелей эфир барысында қала тұрғындарының сұрақтарына жауап бере келіп, орта және жоғары оқу орындары түлектерінің жұмысқа орналасу мәселесін шешу туралы әңгімеледі.

Жастар арасындағы жұмыссыздықтың басты себебі – олардың алған білімдерінің бүгінгі нарық талаптарына сай келмейтіндігі. Бұл мәселе жүйелі өзгерісті қажет етеді.

Осыған орай, өткен жылы 9-11 сынып оқушыларына жұмысшы мамандықтарын беретін орта арнайы білім саласына сараптама жүргізілді.

Қалада  барлығы 80 колледж бар, биылғы жылғы түлектер саны шамамен 16 мың адамды құрайды, олардың ішінде 15 744 адам немесе 98,4%-і жұмысқа тұрды. Биылғы жаңа оқу жылында қала колледждердегі 11 219 орынға мемлекеттік тапсырыс берді.
Мұнда қаланы дамыту бағдарламасын, оның ішінде Алматының 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын ескере отырып, мамандықтар тізімі қайта қаралды. Нәтижесінде осы жылдың тізімінде Ақпараттық технология, сервисті экономика, құрылыс салаларына ерекше назар аударылды, – деді Б. Сағынтаев.
Экономикалық салалар аясында мемлекеттік білім беру тапсырысының құрылымы: IT-сала, байланыс, телекоммуникация – 2308 (20,6%); қызмет көрсету, экономика – 2289 (20,4%); көлік – 1800 (16%); энергетика, машина жасау – 1180 (10,5%); құрылыс – 1021 (9,1%); тамақ өнеркәсібі – 850 (7,6%); білім – 775 (6,5%); медицина – 391 (3,5%);  цифрлы полигарфия – 350 (3,1%); туризм – 200 (1,8%); ауыл шаруашылығы (ветеринарлық медицина, ландшафт дизайны) – 100 (0,9%).
Жұмысшы мамандығын насихаттау және NEET санатындағы жастарды қаланың экономикалық өміріне кеңінен тарту үшін былтыр біз адамдар көп жиналатын орындарда "Мобильді қабылдау комиссияларын" құрдық. Мұндай комиссиялар 5 базардың, теміржол вокзалының, 4 мешіттің аумағына орнатылды. Қаланың шамамен 6 мыңға жуық жас тұрғыны бұлардан өздеріне қажетті кеңестерді алды. Колледждерге NEET санатындағы 500 адам қабылданды. Ағымдағы жылы коронавирус індетіне қатысты МҚК-ның жұмыстары уақытша тоқтатылды, – деді Алматы әкімі.

Бұлардан өзге, дуальды білім беру бойынша жұмыстар жүруде. Ағымдағы жылы дуальді білім беру аясында 308 кәсіпорынмен үшжақты 3500 келісімге қол қойылды.

Бүгінгі таңда қала колледждерінің бүкіл оқу процесі біртіндеп осы жүйеге көшуде, оның негізгі мақсаты – жұмыс берушілердің талаптары бойынша практикалық бағытта білім беру және кейін түлектерді жұмысқа орналастыру. Бұл болашақта орта  арнайы білім беретін оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыруға оң ықпал ететін болады.

ЖОО-ның түлектеріне келетін болсақ, бүгінгі таңда жұмыс тәжірибесі жоқ жас мамандарға Еңбек» бағдарламасы бойынша ақылы жастар практикасы ұсынылады.

Жастар практикасына оқу бітірген соң үш жыл қатарынан жұмыссыз жүрген 29 жасқа дейінгі жастар жіберіледі. Жастар тәжірибесінің ұзақтығы – 6 ай. Еңбекке ақы төлеу 69 450 тг құрайды (салықтар, міндетті әлеуметтік төлемдер, пайдаланылмаған еңбек демалысы мен банк қызметтерін қоса есептеген төлемдер), оны ай сайын Жұмыспен қамту орталығы жүзеге асырады.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...