«Жастар жылында» ақтөбеліктерге үндеу жарияланды

21 Қаңтар 2019, 22:21
2624
Бөлісу:
«Жастар жылында» ақтөбеліктерге үндеу жарияланды

Алматы, BAQ.KZ. Ақтөбе қаласының белсенді жастары елімізде 2019 жыл "Жастар жылы" болып жариялануына байланысты, сондай-ақ Елбасының "Рухани жаңғыру" және "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақалаларында көрсетілген бағыттарды жүзеге асыру мақсатында қаланың барлық жастарына үндеу жариялады, деп жазады BNews.kz орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

"- Бойымызда ұлттық құндылықтарды дарытуға;

- Қасиетті де құтты мекеніміз – Ақтөбе қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіміздің үлесімізді қосуға;

- Отбасылық құндылықтарды сақтауға, оны күшейтуге;

- Отан алдындағы әскери борышымызды абыроймен өтеуге;

- Құқықбұзушылық пен ұсақ тәртіп бұзушылыққа, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеуге және олардың алдын алуға бағытталған іс-шаралар жүргізуге;

- Бойымызда радикалды идеологияға қарсы рухани иммунитет қалыптастыруға;

- Шылым шегу мен алкогольдік өнімдерден және денсаулыққа зиянды заттардан бойымызды аулақ ұстауға, сондай-ақ оларға қарсы жұмыс жасауға;

- Қайырымдылық және экологиялық акцияларға белсенді қатысуға;

- Салауатты өмір салтын ұстануға;

- Адал еңбек етіп, бойымызда адамгершілік қасиеттерді одан әрі дамытуға қаламыздың барлық жастарын шақырамыз", - деді қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Жандос Табылғанов.

 

Еске салсақ, Қазақстан халқына арнаған соңғы Жолдауында Президент 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынған болатын. Өз сөзінде Мемлекет басшысы жастар мен отбасы институтын қолдау шаралары мемлекеттік саясаттың басымдығына айналу қажеттігін жеткізді.

 

"Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. 2019 жылды "Жастар жылы" деп жариялауды ұсынамын", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 

Осыдан кейін Елбасының Жарлығымен 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланды.

Өзгелердің жаңалығы