Бас жаңалықтар
Жастар жылы. Jastar úshіn. Қарағандыда жастарға көмек көрсетілуде
PHOTO
14 Наурыз 2019, 09:11 1494

Жастар жылы. Jastar úshіn. Қарағандыда жастарға көмек көрсетілуде

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды облысының түкпір-түкпіріндегі көмекке зәру жастарға жету үшін ерекше керуен жұмысын бастады. «Jastar úshіn» ақпараттық керуені аймақтың шалғай жерлеріне де сапар шегіп, жастарды қолдау аясында жұмыстар атқаратын болады.

Қарағанды облысында қолдау мен көмекке зәру әрбір жасқа қолдау көрсетудің жаңа түрі іске қосылды. Жыл бойы жұмыс жасайтын «Jastar úshіn» жобасы «осы жерде және осы сәтте» форматында жұмыс істейд. Ақпараттық топтың құрамына мемлекеттік органдардың, «Даму» қорының, жастар ұйымдарының, қаржылық институттар мен банктердің өкілдері кірді. Олар жыл бойы қарағандылық жастардың мәселелерін шешуге атсалысып, кеңес беріп, сұрақтарына жауап беретін болады.

«Jastar úshіn» керуенінің басты мақсаты әлеуметтік көмекке зәру жастардың мәселесін шешу. Барлық жұмыс «осы жерде және осы сәтте» форматымен жүзеге асырылады. Мысалы, жұмыссыз жас көмек сұраса, сол жерде бірден бос жұмыс орындары жайлы ақпарат ұсынылып, жастардың өз ісін бастауына кеңес беріледі, немесе қайта оқыту жағы да қарастырылады. Яғни, бірден көмек қолын созамыз», - дейді «Нұр Отан» партиясы Қарағанды облыстық филиалы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев.

Бұл акция облыста қанша жастың жұмыссыз екендігін, қаншасының білімі жоқтығын анықтауға мүмкіндік бермек. Ресми деректер, қазіргі таңда облыстағы жұмыссыздық деңгейі 4,5 пайызды құрайтындығын көрсетеді.

«Ақпараттық керуеннің құрамындағылар жастарға мемлекет қолдауының басты бағыттарын, оның ішінде жұмыспен қамту, баспаналы болу, өз ісін ашу және тағы да басқа шаралар жайында мәліметтер беретін болады. Көмек алу үшін нақты қай мекемеге, қандай мекен-жайға бару керектігін түсіндіреді», - деді Н.Жетпісбаев.

Бастау алған жаңа жоба аясында ақпараттық керуен аймақтың ірі қалаларымен қатар, аудандарында, ауылдарында, шалғай елді мекендеріне барады деп жоспарланған. «Jastar úshіn» акциясы жылдың соңына дейін жалғасын таппақ.

Еске салайық, өткен айда Қарағандыда жастарды жұмыспен қамту және оларға кеңес беру үшін көшпелі жұмыспен қамту бөлімі іске қосылған болатын. Елбасының тапсырмасына сәйкес ашылған жылжымалы мобильді пунктер қаланың халық көп жүретін жерлерінде жұмыс істейді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...