Жастар жылы. Ақтөбеде қырықтан астам спорт алаңы салынады

28 Қаңтар 2019, 18:59
3296
Бөлісу:
Жастар жылы. Ақтөбеде қырықтан астам спорт алаңы салынады

Астана, BAQ.KZ. Ақтөбенің Әйтеке би, Қарғалы, Ырғыз, Мәртөк аудандарында дене шынықтыру – сауықтыру кешендері салынады. Сонымен қатар, 40-тан астам спорт алаңы пайдалануға беріледі. Бұл туралы aktobenews.kz сайты хабарлайды.

Жастар жылы Ақтөбе қаласында жеңіл атлетика манежі іске қосылып, 4 шығыс жекпе-жегі орталығы салынады. Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жастармен кездесуінде айтып берді.

Сонымен қатар, 40 спорт алаңы, Әйтеке би, Қарғалы, Ырғыз, Мәртөк аудандарында дене шынықтыру –сауықтыру кешені пайдалануға беріледі. Әрі жас спортшылардың стипендиясы 20 пайызға көтеріледі. Өңірдегі спорт нысандары кестеге сәйкес үздіксіз жұмыс істеуге көшті.

Өзгелердің жаңалығы