Жастар ресурстық орталығы мен пробация қызметі меморандумға қол қойды

13 Тамыз 2020, 11:24
1982
Бөлісу:
Жастар ресурстық орталығы мен пробация қызметі меморандумға қол қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысының "Жастар ресурстық орталығы" ғимаратында маңызды құжатқа қол қойылды.  

"Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің директоры Бауыржан Мастеков, Қызылорда қалалық пробация бастығы әділет капитаны Ернияз Жеңіс Бақытұлы  пробация есебіндегі 29 жасқа дейінгі жастармен жүйелі жұмыстар жүргізу, психологиялық кеңес беру, жастарға ой салу және жасаған  қылмысты қайталамауына септігін тигізу мақсатында  ынтымақтастық меморандумға қол қойды.
Алдағы уақытта меморандум аясында пробация есебінде тұрған  азаматтарды спорттық шараларға тартып, психологиялық көмек көрсетіп, жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыратын боламыз,- деді қалалық пробация қызметінің бастығы, әділет капитаны Ернияз Жеңіс .

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД хабарлағандай, орталықтың  директоры Бауыржан Қайырбекұлы  Халықаралық жастар күнімен құттықтап, өңір жастарына қатысты күнделікті ақпараттар жарияланатын "Syr zastary" сайтымен таныстырып өтті. 
IT PARK кабинетімен таныстырып, қазіргі таңда қала тұрғындарынан істен шыққан компьютерлерді  қабылдап жатқандықтарын, бірнеше істен шыққан компьютерді  IT мамандары жөндеп, бір жұмыс жасайтын компьютер шығарып, оқу жылына дейін тұрмысы төмен отбасыларға береміз, - деді орталық директоры.

Өзгелердің жаңалығы