Жастар кезектен тыс сайлауды қолдайды

11 Сәуір 2019, 09:13
3089
Бөлісу:
Жастар кезектен тыс сайлауды қолдайды
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында Жастар жылын өткізуге мониторингті жүзеге асыру жөніндегі Қоғамдық кеңес отырысы өтті. Кездесудің негізгі тақырыбы 9 маусымға жоспарланған ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына қолдау білдіру.

Отырысқа жастар ұйымдарының көшбасшылары, ҮЕҰ өкілдері, белгілі қоғам қайраткерлері, блогерлер қатысты.

Кеңес мүшелері ҚР Президентінің кезектен тыс жарияланған сайлаудың халық үшін маңыздылығы, еліміздің әрбір азаматының конституциялық құқығы туралы пікір білдірді.

«Біз қазір тарихи кезеңде тұрмыз. Еліміздегі жастарды тарихи кезеңге бей-жай қарамай, белсене атсалысуға шақырамын. Бұл – елдің болашағы. Биыл Жастар жылы, сондықтан немқұрайлы қарамауымыз керек», - дейді «Қазақстан КВН Одағы» Республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің Президенті Есен Елеукен.

Сондай-ақ, жастар белсенділері осы сайлауда жастардың рөлі туралы айтып, сайлауға қолдау көрсету үшін жастарды ұйымшылдыққа, шақырды.

«Бүгін Қазақстан әлем мойындаған зайырлы мемлекет. Жастардың қоғамдағы рөлі ерекше. Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс жарияланған сайлау – дұрыс шешім деп ойлаймыз және қолдаймыз», - дейді «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы Мейірбек Меңдіғалиев.

Өзгелердің жаңалығы