Бас жаңалықтар
Жарты жылда әйелдер бизнес бойынша 9 мың грант ұтып алған – вице-министр
27 Шілде 2021, 11:31 260

Жарты жылда әйелдер бизнес бойынша 9 мың грант ұтып алған – вице-министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов «Әйелдердің ауыл шаруашылығының дамуына қосар үлесі» атты Батыс Қазақстан өңірлерінің аймақтық форумында айтты.

Әлем бойынша ауылдық жерлерде әйелдердің 43 пайыз еңбек күші шоғырланған. Қазақстанда бұл көрсеткіш 47 пайызды құрайды. Бұл 400 мың адам ауыл шаруашылығында жұмыс істейді деген сөз. Үкімет тарапынан әйелдер қауымына қолдау көрсету бойынша жұмыс атқарылып жатыр, - деді Біржанов.

Оның айтуынша, 6 айда «Еңбек» бағдарламасы бойынша 347 мың адамның 174 мыңы әйел болып отыр.

Оның ішінде 91 мыңы – ауыл әйелі. Қысқамерзімдегі оқытудан 7500 әйел өтті. БҚО бойынша 1300 адам қосымша білім алды. «Кәсіпкерлікті қолдау» бағдарламасы бойынша несие беру көзделген. Несие берудің 82 пайызы ауыл әйелдеріне тиесілі. БҚО-да 310 микронесие алған. Оның сомасы – 1 млрд 698 мың теңге, - деді ол.

Вице-министр атағандай, жарты жылда республика бойынша 15 мың грант берілсе, оның 9 мыңы әйелдерге берілді. Яғни жартысынан көбі әйелдерге берілген.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...