Жарты миллионнан астам қазақстандық салық төлеуге арналған қосымшаны пайдаланады

2 Маусым 2021, 14:47
1177
Бөлісу:
Жарты миллионнан астам қазақстандық салық төлеуге арналған қосымшаны пайдаланады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандықтар арасында «e-Salyq Азамат» мобильді қосымшасында көлік салығы бойынша деректерді түзету – жоғары сұранысқа ие қызметке айналды. Сондай-ақ азаматтар белсенді түрде декларация (СЕН 250) тапсырып, салық әмиянын толтыруда.

Қазақстан халқы «e-Salyq Азамат» мобильді қосымшасын жарты миллионнан астам рет жүктеп алды. 13 мыңға жуық жеке тұлға салық салу объектілері туралы деректерді түзету қызметін пайдаланды.

Жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде декларация тапсыру қызметі белсенді қолданыла бастады. Осы процеске бірінші кезегіне қатысатын 484 мың азаматтың 271 095 адамы декларациясын мобильді қосымша арқылы тапсырды. Салық әмияны қызметін 49 960 азамат пайдаланды. Олар өз шоттарын жалпы сомасы 92 миллионнан астам теңгемен толықтырды, - делінген ақпаратта.

11511 адам 472,5 млн теңге шамасындағы артық төлемді салықтың басқа түрлерін төлеуге пайдаланды немесе ақшаны қайтарып алды.

Естеріңізге сала кетейік, «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасының пайдаланушылары авторизациядан кейін салық берешегін, жұмыс берушінің қызметкерге салық төлеуін көре алады және жиі қойылатын сұрақтарға жауап таба алады.

 


Өзгелердің жаңалығы