Бас жаңалықтар
Елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы басталады
19 Сәуiр 2019, 11:40 327

Елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы басталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жергілікті фермерлер өз өнімдерін жексенбі күні ұсынатын болады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

21 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан қаласында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы басталады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары азық-түлікті құны нарықтықтағыдан 10%-ға төмен бағамен сатып ала алады», - делінген қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының хабарламасында.

Жәрмеңке елордалық әкімдік ғимаратының алдындағы алаңында және халыққа қызмет көрсету орталығының іргелес аумағында (Сауран көшесі, 7) өтеді.


Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық