Бас жаңалықтар
Жануарларға қатыгездік көрсеткендер қалай жазаланады?
08 Қазан 2021, 12:56 613

Жануарларға қатыгездік көрсеткендер қалай жазаланады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің вице-министрі Әлия Шалабекова Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Жануардың өмірі, денсаулығы және жағдайы үшін иесінің жеке жауапкершілігі, оның ішінде әкімшілік және қылмыстық жауаптылық көзделген. Жануардың өліміне әкеп соққан құқық бұзушылық үшін жаза 120-дан 200 АЕК-ке дейін, ал қайталап бұзған кезде-1000 АЕК-ке дейін айыппұл салуға не бір жылға дейін бас бостандығынан айыруға қатаңдатылды, - деді Шалабекова.

Ол атағандай, заң жобасы жануарларға қатысты жағымсыз көріністерге тосқауыл қояды.

Мұндай көріністерге, атап айтқанда, иттердің төбелесін өткізу, анестезиясыз ветеринариялық операциялар жүргізу, жануарларды заңсыз өлтіру, жануарларды әлсірету және оларға уақтылы көмек көрсетпеу, қатыгездікпен аулау, жануарлардың еті мен майын пайдалану, сондай-ақ жеуге және өнім алуға арналмаған әрекеттер жатады, - деді ол.

Оның айтуынша, заң жобасының ережелерін іске асыру үшін қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу талап етіледі.

Атап айтқанда:

- Қылмыстық кодекске;

- Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске;

- жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы,

Ветеринария туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы Заңдарға.«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заң жобасын қабылдау Қазақстанның прогрессивті, заманауи мемлекет ретіндегі имиджін нығайтып, барлық тіршілік иелеріне адамгершілік пен ізгілікті қатынасты тәрбиелеуге, үй жануарларына қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға мүмкіндік береді деп санаймыз, - деді ол.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...