Жамбыл облысындағы атыста бес адам жараланды

17 Маусым 2021, 16:43
2642
Бөлісу:
Жамбыл облысындағы атыста бес адам жараланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында атыста бес адам жаарақат алды, деп хабарлады Polisia.kz. 

2021 жылғы 15 маусымда Сарысу аудандық орталық ауруханасынан Сарысу ауданының полиция бөліміне бытыра оғынан жарақат алған 20, 22 және 24 жастағы бес тұрғынның жүгінгені туралы хабарлама келіп түсті. 

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-99-бөлігі 2,1,9-тармақшалары (Екі және одан да көп адамға қатысты бұзақылық ниетпен жасалған кісі өлтіруге оқталу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 

Жанжал бұзақылық ниетпен болғаны анықталды, оның барысында күдікті жоғарыда аталған адамдарға мылтықтан бірнеше рет оқ атқан. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері 22 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады, - делінген ақпаратта.

Ұсталған ер адам өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Сондай-ақ барлық тиісті сараптамалар тағайындалды.



Өзгелердің жаңалығы