Жамбыл облысында 5 мыңға жуық мемқызметші бар

21 Қаңтар 2021, 12:23
1332
Бөлісу:
Жамбыл облысында 5 мыңға жуық мемқызметші бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің жұмыс қорытындысы туралы Өңірлік коммуникалар қызметінде өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Шәкір Сұлтанхан баяндады.

Мемлекет басшысының шешімі бойынша уәкілетті органның функциялары ішінара өзгертілді. Мемлекеттік аппараттың бұдан әрі дамуы барысында орындайтын міндеттердің бірі адами капиталдың сапасы болғандықтан кадрлық құрамға тұрақты түрде мониторинг жүргізілді. 2021 жылдың 1 қаңтары бойынша облыстағы мемлекеттік қызметшілердің саны 4 964-ті құрайды. 2020 жылы штат саны 38 бірлікке қысқарды. Қысқару аумақтық органдардың штат санының қысқаруына байланысты. Мемлекеттік қызметшілердің нақты саны 4 657 болып, бос лауазым үлесі 307 бірлікті құрады, - деді ол.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы 40 жасты құрайды. Мемлекеттік қызметтегі орташа еңбек өтілі 10 жыл 5 ай. Ал нақты лауазымдық орташа қызмет өтілі 4 жыл 6 айды құрап отыр.

Барлық қызметші жоғары білімді азаматтар. Олардың қатарында 3 мемлекеттік қызметші «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқып келген және 26 қызметші ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлектері, - деп түсіндірді ол.

Мемлекеттік қызметке орналасудың негізгі құралы – конкурстық іріктеу.

2020 жылдың ішінде 942 адам қабылданды. Конкурстардың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында конкурстар байқаушылардың қатысуымен қамтамасыз етілді, - деп айтты Шәкір Сұлтанхан брифингте.



Өзгелердің жаңалығы