Жамбыл облысына жедел жәрдем көліктері берілді

15 Қыркүйек 2020, 21:32
1241
Бөлісу:
Жамбыл облысына жедел жәрдем көліктері берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының медициналық мекемелеріне жаңа жедел жәрдем көліктері пайдалануға берілді. Бұдан бұрын облысқа ӨЖЖ аппараттары, пульсоксиметрлер және оттегі концентраторлары бар гуманитарлық жүк жеткізілген болатын.

Аталған көмек "Самұрық-Қазына" АҚ мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында көрсетіліп отыр.

Жамбыл облысына үш ӨЖЖ аппаратын, бес оттегі концентраторын, 50 пульсоксиметр жеткізлді. Сондай-ақ, облысқа "Chevrolet Damas" маркалы сегіз жедел жәрдем көлігі берілді.

Біз барлық жанашыр азаматтарға медициналық препараттар мен дәрі-дәрмектерді, оттегі концентраторларын, ӨЖЖ аппараттарын және пандемиямен күреске қажетті басқа да құралдарды сатып алуға көмектескені үшін алғыс айтамыз. Бұл көмектердің маңызы зор. Барлық жабдықтар қалалық және аудандық емханаларға үлестіріледі, - дейді денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

Бұл шаралардың барлығы біздің медицинамыздың жұқпалы аурулардың, соның ішінде COVID-19 індетімен күресуге дайындық деңгейін арттыруға және ұлттық денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға бағытталған, - деп атап өтті қордың ресми өкілі Мирас Іргебаев.

Еске сала кетейік, аталған меморандум аясында республиканың денсаулық сақтау жүйесіне 100 жедел жәрдем көлігі, 1 000 оттегі концентраторы, 50 ӨЖЖ аппараты, 1 000 пульсоксиметр жеткізілетін болады.

Өзгелердің жаңалығы