Жамбыл облысы Меркі ауданының ауруханасы тексеріліп жатыр

10 Сәуір 2020, 21:16
4041
Бөлісу:
Жамбыл облысы Меркі ауданының ауруханасы тексеріліп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Меркі аудандық ауруханасының жұмысын тексереді. Бұл туралы облыс әкімінің бспасөз қызметі хабарлады.

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес, әлеуметтік салаларға жетекшілік ететін орынбасары Ержан Жылқыбаев Меркі аудандық ауруханасының медицина қызметкерлерінің шағымдары бойынша кешенді тексеру  шараларын жүргізетін арнайы комиссияны басқарады.

Аталған комиссия құрамына тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің, прокуратура органдарының, облыс әкімі аппаратының қызметкерлері, қоғам мен кәсіподақ ұйымдарының өкілдері енген. Комиссияның басты міндеті – медицина қызметкерлерінің шағымдарындағы  барлық айтылған фактілерді объективті және әділ шешу, емдеу мекемесі қызметкерлерінің құқықтарын бұзуға жол бермеу бойынша нақты шаралар қабылдау - делінген хабарламада.

Егер келтірілген фактілер расталған жағдайда,  оған кінәлі барлық лауазымды тұлғалар тиісті жазаға тартылады. Тексеру іс-шараларының қорытындысы  жұртшылық назарына ұсынылатын болады.

Өзгелердің жаңалығы