Бас жаңалықтар
"Жұмыспен қамту жол картасы" аясында 255 мың жұмыс орны құрылады
02 Маусым 2020, 09:25 166

"Жұмыспен қамту жол картасы" аясында 255 мың жұмыс орны құрылады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Коронавирус пандемиясына байланысты екінші тоқсандағы жағдай күрделі болды. Наурыз-сәуір айында табыссыз, жұмыссыз қалған азамат саны 4 миллионнан асты.

Бұл туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов бүгінгі Үкімет отырсында айтты.

Дегенмен, 20 сәуірден бастап кезеңімен коронавирус шектеулерін жеңілдетуге байланысты бұл көрсеткіш мамыр айында 1 млн адамға дейін төмендеген.

Үкімет тарапынан экономиканы жаңғырту, бизнесті қолдау, оның ішінде жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңінен қолдану нәтижесінде шілде айынан бастап еңбек  нарығындағы жағдайдың тұрақтылығына қолжеткізу мүмкін деп санаймыз. Нәтижесінде жұмыссыздық көлемін 6,1% деңгейінде сақтап қалу ықтимал болып отыр, - дейді министр. 

Сонымен қатар, ол осы жылы 1 млн 220 мың адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік бар екенін айтты. 

Оған экономиканы, бизнесті қолдау шараларын барынша жұмыс орындарын сақтап қалу мүмкіндігі және барлық мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жаңа жұмыс орындарын құру әлеуеті толығымен пайдаланылатын болады. Оның ішінде жаңа "Жұмыспен қамту жол картасы" аясында 255 мың жұмыс орны құрылмақ. Бүгінде жол картасына кірген 6,5 мың жобаның 5,3-і басталып, 103 мың жұмыс орны ашылып, 91 мың адам тартылды. Оның 35%-ы жастар, - дейді Біржан Нұрымбетов. 

Жол картасы бойынша жұмыс қарқыны маусым айынан бастап тиісті деңгейде орындалмақ. Өз кезегінде Жол картасын іске асырудың жан-жақты әлеуметтік-экономикалық оң әсері бар. 

Жобаларға қатысатын 255 мың адам 210 млрд теңге көлемінде жалақы мен әлеуметтік төлемдерге ие болады. Ол өз кезегінде 1 млн-ға жуық адамның табысына әсер етеді, - деді министр.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...