Бас жаңалықтар
Жұмыспен қамту орталығы желіде қызмет көрсетеді
18 Қаңтар 2019, 10:35 767

Жұмыспен қамту орталығы желіде қызмет көрсетеді

Астана, BAQ.KZ. Елорданың Жұмыспен қамту орталығында қызметтерді қашықтықтан көрсететін пунктердің саны арттырылады деп жоспарлануда. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

«2018 жылы орталықта бейне байланыс арқылы қызметтерді қашықтықтан көрсететін 4 пункт ашылған болатын. Биыл мұндай пунктердің саны арттырылады деп жоспарлануда», - делінген жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының хабарламасында.

Бұдан бөлек, жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерге арналған «CZ Astana» мобильді қосымшасы іске қосылды.Оның көмегімен бос жұмыс орындары туралы ақпаратты, жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерге арналған пайдалы ақпаратты тауып қана қоймай, өзіңнің қай мамандыққа икемің бар екенін тексеруге болады.

Мұнымен қоса, enbek.kz. порталы жұмыс істейді.

Загрузка...

Сізден жаңалық