Жұмада екі қалада ауа сапасы нашарлайды

13 Желтоқсан 2019, 07:49
2368
Бөлісу:
Жұмада екі қалада ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13 желтоқсанда еліміздің екі қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауаның ластануы күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Ақтөбе және Өскемен қалаларда ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары болжанады. Қазақстанның басқа қалаларында метеожағдай қолайлы болады деп күтіледі, - делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



Өзгелердің жаңалығы