Бас жаңалықтар
Жәнібек Әлімханұлы әлемдік рейтингте жоғарылады
15 Сәуiр 2019, 10:06 744

Жәнібек Әлімханұлы әлемдік рейтингте жоғарылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (6-0, 2 КО) алғашқы титулды жекпе-жегінде жеңіске жеткеннен кейін өз дивизионының рейтингінде жоғарлады. Бұл қазақстандықтың титул үшін оның алғаш жұдырықтасуы, деп хабарлады Vesti.kz.

25 жастағы Жәнібек Әлімханұлы 12 сәуір Лос-Анджелестегі Staples Center аренасында жұдырықтасты. Бұл кештің басты оқиғасында жеңіл салмақта WBA (Super) және WBO чемпионы украиналық Василий Ломаченко (12-1, 9 КО) британиялық Энтони Кролланы (34-6-3, 13 КО) нокаутқа түсірді.

Қазақстандықтың қарсыласы 27 жастағы мексикалық Кристиан Оливас (16-4, 13 КО) болды. Жекпе-жек толық он раунда өтіп, Әлімханұлы төрешілер шешімімен жеңді. Осылайша, жерлесіміз WBO Global және WBC Continental Americas белбеуін иеленді.

Бұл жетістік арқасында Жәнібек Әлімханұлына орта салмақта BoxRec рейтингінде 52-ші орынға көтерілді.

Әлімханұлы осымен алтыншы жекпе-жегінің барлығында жеңіске жетіп отыр. АҚШ-та ол 2018 жылдың сәуірінде жұдырықтаса бастап, бұл елде төрт кездесу өткізді. Ал Оливас бесінші рет жеңіліп отыр, сонымен бірге, оның 16 жеңісі бар. 

Айта кетейік, Әлімханұлы мен Ломаченконың ісін де Top Rank компаниясы жүргізеді.


Загрузка...

Сізден жаңалық