Жыл басынан бері зейнетақы салымшыларының жинағы 8,0%-ға ұлғайды

30 Маусым 2020, 19:39
1792
Бөлісу:
Жыл басынан бері зейнетақы салымшыларының жинағы 8,0%-ға ұлғайды

Алматы, BAQ.KZ. 2020 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтары 2020 жылғы қаңтар-мамырда 865,6 млрд теңгеге немесе 8,0%-ға ұлғайып, 11 666,1 млрд теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі хабарлады.

2020 жылғы қаңтар-мамырдағы зейнетақы активтерін инвестициялаудан "таза" кіріс 2020 жылғы 1 маусымда 499,2 млрд теңгеге ұлғайған.

2020 жылғы 1 маусымда міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың дербес зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ ЖЗШ қосқанда) 10,9 млн шотты құрады. 

2020 жылғы қаңтар-мамырда зейнетақы төлемдерінің сомасы 62,4 млрд теңгені құрады, - делінген хабарламада.

2020 жылғы 1 маусымда БЖЗҚ-ның жиынтық инвестициялық портфелінде негізгі үлес Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына және Қазақстан Республикасы эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздарына (зейнетақы активтерінің жалпы көлемінен тиісінше 41,5% және 27,1%) тиесілі.

Өзгелердің жаңалығы