Зейнетақы қорындағы ақшаның бір бөлігімен ипотека қалай өтеледі

22 Қаңтар 2021, 15:41
2590
Бөлісу:
Зейнетақы қорындағы ақшаның бір бөлігімен ипотека қалай өтеледі

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бірыңғай зейнетақы қорындағы ақшаның бір бөлігімен ипотеканы ішінара өтеуге бола ма?

Бұл сұрақты ОКҚ-де өткен брифингте «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова түсіндіріп берді.

Мысалыға алып, қарастырып көрейік. Сіздің шотыңызда қазір шекті сомасынан кейінгі қалған 1,5 млн теңге бар делік. Ал банк алдындағы қарыз 7,5 млн теңге. Сіз ақпан айынан бастап төлеміңіз аз болуы үшін төлем жасағыңыз келеді. Ия, бұл мүмкін. Сіз мұндай процесті «Отбасы банкі» арқылы не өзіңіздің ипотека рәсімдеген банкіңіз арқылы жасауыңызға болады. Мысалы, Форте, Сбербанк, БЦК банктер де өздерін уәкілетті оператор ретінде жарияласа. Ал кейбір шағын банктер «Отбасы банк», бірыңғай терезе арқылы жұмыс істейміз деп отыр, - деп айтты ол. 

Ләззат Ибрагимова бұл мәселе бойынша ертеңнен бастап өтініш беруге болатынын айтты. Яғни, ертеңнен бастап ипотеканы ішінара, мерзімінен бұрын өтеуге мүмкіндік бар.

Естеріңізге сала кетейік, ертең зейнетақының бір бөлігін алуға өтініш беретін платформа іске қосылады, сонымен қатар, мамандар зейнетақының бір бөлігін болашақта үй алу үшін депозитке аударуға бола ма? Үйге жөндеу жұмыстарын жасау үшін ақшаны шешіп алудың ережесі қандай? деген сауалдарға жауап берген болатын.

Өзгелердің жаңалығы