Зейнетақы қорындағы ақшаны алу үшін өтінім қалай беріледі?

22 Қаңтар 2021, 16:08
3360
Бөлісу:
Зейнетақы қорындағы ақшаны алу үшін өтінім қалай беріледі?

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Өздеріңіз білетіндей, бастапқыда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан біржолғы зейнетақы төлемдерін есепке алу және пайдалану жөніндегі уәкілетті оператор тек қана «Отбасы банкі» болатын. Енді оның қатарына Халық банкі қосылды. 

Осы банктердің операцияларды қалай атқаратынын ОКҚ-де өткен брифингте «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матаев түсіндіріп берді.

Ереже дайындалған кезде, яғни бастапқы кезде «Отбасы банкі» және заңды тұлға деп жазылған болатын. Кейін заңды тұлғалар ретінде көпше түрде жазылды. Сондықтан бүгінгі таңда «Отбасы банкімен» қатар Халық банкі өкілетті орган ретінде жұмыс істейтінін жариялап отыр. Олар да арнайы есепшоттар ашып жатыр, - деді ол. 

Сондай-ақ, ол операциялардың алгоритмін түсіндіріп берді. 

Осы бағдарламаға қатысқысы келетін әр азамат, яғни Бірыңғай зейнетақы қорындағы өзінің жинағының жеткілікті мөлшерін есептеулері керек. Яғни ережеде көрсетілген мақсаттарға үстіндегі қалған қанша ақшаны пайдалана алатынын анықтауы қажет. Кейін арнайы есепшотты ашуы керек. Оны «Отбасы банкінен» не болмаса өзінің қалауы бойынша екінші деңгейлі банктерден ашуға болады. Сонымен қатар үшінші қадам – ертең сағат 9-да «Отбасы банкінде» портал ашылады. Сол порталға электронды цифрлы қолтаңбасы (ЭЦҚ) арқылы кіреді. Содан кейін қордағы жеткілікті мөлшердің үстіндегі ақшаны қайдай мақсатқа пайдаланатынын көрсетіп, өтінім береді. Өтінім Зейнетақы қорына жолданып, 5 (бес) күннің ішінде жауап келеді. Мақұлданғаннан кейін азамат «Отбасы банкіндегі» портал арқылы растайтын құжаттарды тіркеп, арнайы есепшотындағы ақшаны өзі көрсеткен сатып алушыға не болмаса ипотеканы өтеуге жолдай алады, - деп қорытындылады Жансұлтан Матаев. 


 

Өзгелердің жаңалығы