Бас жаңалықтар
«Жасыл кітап» үздік фильм ретінде «Оскар» иеленді
25 Ақпан 2019, 11:09 724

«Жасыл кітап» үздік фильм ретінде «Оскар» иеленді

Астана, BAQ.KZ. АҚШ киноакадемиясының нұсқасы бойынша «Жасыл кітап» жылдың үздік кинокартина деп танылып, «Оскар» жүлдесіне ие болды. Бұл туралы РИА Новости жазды.

Бұған дейін белгілі болғандай, «Жасыл кітап» фильмі үздік бірегей сценарий үшін «Оскар» алған.

«Үздік бейімделген сценарий» номинациясы бойынша режиссер Спайк Лидің «Черный клановец» фильмі жеңіске жетті.

Сондай-ақ, рок-музыкант Фредди Меркьюри туралы "Богемская рапсодия" картинасы дыбыспен жасалған жұмысы үшін АҚШ киноакадемиясының нұсқасы бойынша «Оскарға» лайықты деп танылды. Бірнеше минут бұрын белгілі болғандай, музыкант Фредди Меркьюридің рөлін сомдаған актёр Рами Малек үздік ер адам рөлі үшін жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, «Оскар» жүлдесін табыстаудың 91-рәсімі Лос-Анджелесте жексенбі күні кешке өтіп жатыр.

26 ақпан күні сағат 22:20-да «Хабар» телеарнасы «Оскар» жүлдесінің 91-марапаттау рәсімін көрсетеді.

Загрузка...

Сізден жаңалық