Бас жаңалықтар
Өзбекстан үкіметі отставкаға кетті
20 Қаңтар 2020, 23:50 438

Өзбекстан үкіметі отставкаға кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстан үкіметі өз өкілеттілігін тоқтатты. Бұл туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады. 

Айта кетейік, бұл мемлекеттің Конституциясына сәйкес жаңа Парламент сайланғаннан кейін жасалады. 

Естеріңізге сала кетейік, кіші палата Олий Мажилиске сайлау 2019 жылы 22 желтоқсан мен 2020 жылдың 5 қаңтары аралығында өтті. Ал Сенатқа сайлау 16-17 қаңтарда өтті.

Бүгінде министрлер өз жұмыстарын жалғастыруда. Олар жаңа министрлер кабинеті жасақталғанға дейін жұмыстарын тоқтатпайды. 

Парламент жаңа премьердің кандидатурасын 21 қаңтарда қарастыратын болады деп күтілуде.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...