Зарина Дияс АҚШ-тағы теннис турнирінің жартылай финалына шықты
23 Қазан 2021, 12:31 11433

Зарина Дияс АҚШ-тағы теннис турнирінің жартылай финалына шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың Мейкон қаласында ITF 8 сериясындағы халықаралық теннис турнирі өтіп жатыр. Турнирге қазақстандық спортшы Зарина Дияс та қатысып жатыр.

Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Ширек финалдағы тартыста Дияс АҚШ спортшысы Виктория Дювальді ойсырата жеңіп шықты. Сет 1 сағат 16 минутқа жалғасып, 6:1, 6:4 есебімен аяқталды.

Финалдық бәсекеде қазақстандық теннисші бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен беттеседі.


 


Фото: дереккөз
Загрузка...