2018 жылы Қазақстанда 576 адам қызылша дертіне шалдықты

27 Қаңтар 2019, 11:14
6633
Бөлісу:
2018 жылы Қазақстанда 576 адам қызылша дертіне шалдықты

Астана, BAQ.KZ. Қызылша – әуеде тамшылау жолымен жұғатын өте жұқпалы инфекция. Қызылшаға қарсы екпе алмаған, жасалған екпе туралы мәліметтері жоқ адамдар вакцинациялаудан өту керек. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының сарапшылары хабарлайды.

2018 жылы Қазақстанда 576 адам қызылша дертіне шалдықты

Қызылша – ауа-тамшылық механизм арқылы берілетін жоғары контагиозды инфекция. Екпе алмаған адамдардың қызылшаға шалдыққыштығы 100%, яғни, бала немесе ересек адам қызылшаға қарсы екпе алмаған жағдайда, бұл аурумен ауыратын науқаспен жұғу кезеңінде қарым-қатынаста болса, ол қызылшамен 100 % ауырады.
Инфекция көзі аурудың инкубациялық (жасырын) кезеңіндегі, тері бөртпелері шыққаннан бастап 4-5 күн ауырған адам болып табылады.
Қызылша вирусы науқас адамдардан қоршаған ортаға жөтелген немесе түшкірген кезде, сондай-ақ сөйлескен кезде бөлінеді. Бұл кезде қызылша қоздырғышының (ондаған метр) арақашықтыққа таралуы айырықша ерекшелік, бұл науқас адамды қоршаған адамдардың барлығының жұқтырылуына әкеледі.
Қызылшамен ауырудың негізгі симптомдары – жалпы әлсіздік, дене температурасының көтерілуі, бастың қатты ауыруы, ұйқының бұзылуы, тәбеттің нашарлауы. Науқас адамда шырыш бөлінетін қатты тұмау, тұрақты құрғақ жөтел, қабақтың ісінуі, конъюнктивит байқалады. 3-8 күннен кейін денеде біртіндеп қосылып кететін дақты-папулезды бөртпе пайда болады.
Қызылшамен ауыру жиі жағдайда асқынуларға, әсіресе балалар арасында пневмония, жалған қыспаққа, стоматит сияқты асқынуларға алып келеді. Ересек адамдарда менингиттің, менингоэнцефалиттің және полиневриттің дамуы мүмкін.
Аурумен ауырғаннан кейін өмір бойына иммунитет сақталады.
Қызылшаға қарсы тиімді профилактикалық шара уақытылы жоспарлы иммундау болып табылады, ол 12 - 15 айлық жаста (вакцинациялау) және мектепке барардың алдында 6 жаста (ревакцинациялау) бір рет жүргізіледі.
Сондықтан, қызылшаға қарсы екпе алмаған немесе оған қарсы жасалған екпе немесе бұрын қызылшамен ауырғаны туралы сенімді мәліметтер бере алмайтын адамдарға вакцинациялаудан өту қажет.
Сондай-ақ, қызылшаның алдын алу шараларына науқас адамды дер кезінде оқшаулау, науқас адаммен қарым-қатынаста болған адамдарды медициналық қадағалау және ауырған жағдайда оларды уақытылы ауруханаға жатқызу (оқшаулау) жатады. Науқас жатқан үй-жайларды жиі желдетіп тұру, оларды дезинфекциялаушы құралдармен ылғалды тазалау, қарым-қатынас жасауды шектеу, оның ішінде қызылшамен сыраттанушылықтың артуы кезінде адамдардың әртүрлі бұқаралық іс-шараларға қатысуын шектеу, қорғаныс бетперделерін кию алдын алу шаралары болып табылады.
2018 жылдың желтоқсан айы бойынша әлемнің 138 елінде қызылшаның және оған күдік тудырған аурулардың 319-дан астам оқиғасы тіркелді, оның ішінде Еуропаның 47 елінде 70 мың оқиға тіркелді. Қазақстанда өткен жылдың ішінде қызылшаның 576 оқиғасы ресми түрде тіркелді.
Өзгелердің жаңалығы