Қызылордада зират өртенді

4 Қазан 2020, 21:21
3471
Бөлісу:
Қызылордада зират өртенді
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда қаласындағы «Орталық қазақ бейіті» аумағы өртенді.

Өрт бүгін 12.30 шамасында тұтанған. Облыс орталығындағы А.Тоқмағанбетов көшесінің бойында орналасқан «Орталық қазақ бейіті» аумағында 2 гектарға жуық қураған шөп жанған. 

Өрт 15.24-те толық сөндірілді. Оған облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 25 өрт сөндірушісі және 7 техникасы тартылды. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда. Зардап шеккендер жоқ, - деді өрт сөндіру кезекші қызметінің жедел кезекшісі Бекзат Макулов. 

Оқиға орнында Қызылорда қалалық Полиция басқармасы, Қызылорда облысы Жұмылдыру дайындығы басқармасы, жедел жәрдем бригадасы, «Қызылорда тазалығы» ЖШС мамандары жұмыс істеді.


Өзгелердің жаңалығы