Бас жаңалықтар
Қызылордада есірткі тасымалдаған азамат ұсталды
23 Қаңтар 2020, 04:32 112

Қызылордада есірткі тасымалдаған азамат ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысы Арал ауданында есірткі тасымалдаған 36 жастағы тұрғын қолға түсті, деп жазады Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Жергілікті патрульдік полиция қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шара жүргізген болатын. Іс-шара барысында "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" тас жолында Арал ауданы тұсында күдік тудырған жеңіл автокөлік тоқтатылды.
Автокөліктің артқы салонынан ерекше иісі бар шөп салынған 2 дана полиэтилен пакеті және газетке оралған ерекше иісі бар шөпке ұқсас зат алынды. Сараптама қорытындысы бойынша ол кептірілген марихуана екендігі анықталды. Автокөлік жүргізушісі Арал ауданының 36 жастағы тұрғыны болып шықты. Бүгінгі күні күдікті Арал ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу жағдайы көрсетілген, - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...