Бас жаңалықтар
Қызылорда облысында қарақұйрықты заңсыз атқандар ұсталды
VIDEO
10 Тамыз 2020, 19:42 192

Қызылорда облысында қарақұйрықты заңсыз атқандар ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл 8 тамызда сағат 21:15 шамасында Қызылорда облысы Жалағаш ауданына​ қарасты Ақбөкен ауылынан батыс бағытта "Охотзоопром" ӨБ" инспекторлары регистрациялық нөмірі 084 SCB 05 автокөлігін ұстады. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Автокөлікті тексеру барысында жараланған қарақұйрықтың еті мен аңшылық атыс қаруы тәркіленді.

Оқиға барысында екі адам ұсталған. Екеуі де Жалағаш ауданының Ақтыр ауылының тұрғындары.

Оқиға орнына Қызылорда облысының жедел тергеу тобы шақырылды. Қылмыстық оқиға бойынша ҚР ҚК 337 б. 4 т. №204336031000117 СДТБТ бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізілуде.





Фото: ашық дереккөз
Видео: дереккөз
Загрузка...