Бас жаңалықтар
ЮНЕСКО Ливерпульді дүниежүзілік мұралар тізімінен шығарып тастады
21 Шілде 2021, 22:10 122

ЮНЕСКО Ливерпульді дүниежүзілік мұралар тізімінен шығарып тастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет ұйымы (ЮНЕСКО) Ливерпуль портын Дүниежүзілік мұралар тізімінен шығарып тастады. 

Бұл шешім сәрсенбіде ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұра комитетінің отырысында қабылданды. Ол Фучжоу (Қытай) қаласында онлайн режимде өтіп жатыр, деп хабарлады ТАСС.

Ливерпуль портын ЮНЕСКО тізімінен шығаруға комитеттің 13 делегаты дауыс берді. Бұл шешімді ұйым қаланың осы бөлігіндегі қайта құру жұмыстарының жалғастырылып жатқанымен түсіндірді. Тарихи порт 2012 жылы қауіпті нысандар тізіміне енгізілді. Сол кездің өзінде ұйым сарапшылары қала билігіне аталған ауданда қандай да бір құрылыстар салудан сақтандырды. Дегенмен бұл 52 мың орындық жаңа стадион салу жоспарының іске асырылуына кедергі келтірмеді.

Ливерпульдегі алғашқы доктар 1715 жылы пайда болды. Порт өнеркәсіптік дәуірдің басталуының символы болды. Сөйтіп ЮНЕСКО 2004 жылы оны Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізді. Бұл тізімге ену арқылы нысандарға бастапқы тарихи келбетін сақтау міндеттемесі жүктеледі.

Айта кетейік, ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімі 1978 жылдан бері жасалып келеді. Ливерпуль портын алып тастау - осы уақыт ішінде болған үшінші оқиға. 2007 жылы Омандағы Араб бөкендерінің резерваты, ал 2009 жылы Германиядағы Дрезден Эльба алқабы алынып тасталған болатын.


Фото: дереккөз
Загрузка...